Қалам иелері мен дәрігерлердің достығы

Президент Жолдауының негізгі бағыттары және 2024 жылға баспасөзге жазылу науқаны —«Ақтөбе Медиа» ЖШС басшылығының Ақтөбе қаласындағы №7 емхананың ұжымымен кездесуінің басты тақырыбына айналды.

Мұндай кездесулер бүгінде дәстүрге айналған: екі ұжым біраз уақыттан бері өзара достық байланыс орнатқан, олар жыл сайын ынтымақтастық меморандумына отырады.

Медиахолдинг директорыРаукен Отыншин облыстық газеттердің тарихы туралы айта келіп, перспективалық жоспарларымен де бөлісті.

Облыстың тұңғыш газеті «Актюбинский вестник» биыл өзінің 105 жылдық белесінен өтті. «Ақтөбе» газеті келер жылы ғасырлық мерекесін атап өтпекші. Облыстық газеттер осы жылдардың бәрінде оқырмандардың шаңырағына өңірдің өмірінен соңғы жаңалықтарды жеткізеді, проблемалық мәселелерді көтереді және облыстың дамуына өзінің еңбегімен елеулі үлес қосып келе жатқан адамдар туралы баяндайды.

Мың сан газет жолдары, талай адамның тағдыры мен жаңа есімдер, оқырмандарға қолдау жасағаны үшін олардың алғыстары — осындай деректердің астарында газет қызметкерлерінің бірнеше буын ұрпағының маңдай тері мен еселі еңбегі жатыр.

Медиахолдинг директорыбасылымдардың біздің қоғамымыздың тәрбиелік және рухани жағына көбірек мән беретінін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетінін атап көрсетті. Раукен Отыншин дәрігерлер мен медбикелерді оқырман болып қоймай, газет авторлары болуға да шақырды.

Аmanat партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты,«Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Айгүл Нұркеева Президент Жолдауындағы басты тақырыптарға тоқталып, жаңа экономикалық модельге көшу туралы айтты. Сарапшылар мен талдаушылар атап көрсеткендей, Қазақстан ұзақ уақыт бойы ауқымды энергетикалық ресурстарға, бірінші кезекті мұнай мен газға тәуелді болып келді, енді өзгермелі жаһандық энергетикалық ландшафт жағдайында Қазақстан неғұрлым жетілдірілген инновациялық экономика мен білім жағына әртараптандыру қажеттігін сезіне түсуде.

Негізінен алғанда стратегиялық құжат Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын жүзеге асырудың бірізділігіне негізделген, оның негізгі мақсаты — саяси, идеологиялық және экономикалық салалардыреформалау.

«Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев облыстық газеттер мен журналдың қоғам өміріндегі жетекші рөліне тоқталды, басылымдардың қызметі, журналистік кәсіптің құпиялары, оқырмандар аудиториясымен тығыз байланыс туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында облыстық газеттердің ұстанымы мен олардың бағыт-бағдары көпшілікті қызықтыратыны байқалды. №7 емхананың бас дәрігері Нұрлан Қожин өзі басқаратын медициналық мекеменің қызметі, дәрігерлерді бүгінгі күні ойландыратын мәселелер туралы айтты.

Сондай-ақ «Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымына жемісті ынтымақтастық қызметі үшін алғыс сезімін білдірді. Кеңінен өрістеген әңгіме барысында медицина қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген тақырыптар — «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу, «Көкжиде» тұщы суы бірегей кен орнының сақталуы туралы ойларын ортаға салды. Ақ халатты абзал жандар сонымен бірге digital-технология даму дәуіріндегі баспасөздің болашағы туралы да сауалдарын қойды.

 Марина НҰРАЛОВА.