Ақтөбеде бір тәуліктен аз уақыт ішінде “Геолог” және “Теплосет” бау-бақша ұжымдарын электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. 27 қыркүйекте кешкі сағат 17-де желілерде авариялық ажыратылу орын алды.
Бұл аталған бау-бақша ұжымдарының электр желілері жеке меншіктің иелігінде – “АГДС” ЖШС және “Волга” тұтыну кооперативіне тиесілі. Бұл ұйымдар сол кеште желілерді тексеріп, жөндеу жұмыстарына кірісті. 28 қыркүйекте түске қарай электр қуаты қайта қосылды. Жалпы бұл жағдайға желілердің тозуы себеп болып отыр.
Осы мәселені шешу мақсатында қазіргі уақытта электр желілерін коммуналдық меншікке беру мүмкіндігі пысықталуда.
«Ақтөбе қаласының аумағындағы бау-бақша ұжымдарының инженерлік желілерінің көпшілігі жекенің қолында немесе иесіз. Желілер иелері күтіп ұстау шараларын жасап отыруы, ал саяжай ұжымдарының төрағалары бақылауға алуы тиіс болатын. Бірақ қазір бұл жұмысты олар тиісті деңгейде атқармай отыр. Электр желілерінің тозығы жеткенін айтып шағымданған саяжай тұрғындары жергілікті атқарушы органның балансына алуды талап етуде. Біз қазір подстанциядан бау-бақша ұжымына тартылған 10 киловаттық желіні коммуналдық меншікке алу жұмыстарына кірістік. Бау-бақша ұжымының белсенді тұрғындары құрған “Бірлік” қоғамдық ұйымы қазір қалалық қаржы бөліміне иесіз электр желілерінің құжаттарын тапсырып жатыр. Оны иесіз деп тану үшін сотқа береміз. Бір жылдан кейін сот шешімі шыққан соң, коммуналдық меншікке алып, инвентаризация жұмыстарын жүргіземіз. Ал оған дейін апаттық жағдай болған кезде әдеттегідей қала әкімдігінің тарапынан жөндеу жұмыстарын жасап отыратын боламыз», – деді қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин.
Айта кетейік, “Геолог” және “Теплосет” бау-бақша ұжымдарында барлығы 135 ғимарат орналасқан, 600-ге жуық адам тұрады.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті