Қарттар сый-құрметке бөленді

Облыс әкімі Асхат Шахаров Қалалық сүт зауыты ауданындағы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды, ондағы арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілетін бөлімдерді аралап шықты.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шараға қатысты.

«Президенттің қоғамның осал топ өкілдерін қолдау туралы тапсырмасы аясында, 2022 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 700 миллионнан астам теңгеге мекеменің қасбеті ауыстырылып, іші толықтай өзгертілді. Сіздер бар жақсыға лайықсыздар. Ең бастысы, мұнда татулық пен ұйымшылдық бар, жылулық сезіледі», — деді өңір басшысы өз сөзінде.

Бүгінде орталықта 202 адам қамқорлыққа алынған. Мерекелік шарада мұндағы барлық жандарға облыс әкімі сыйлықтар табыстады, құрмет көрсетті. Салтанатты кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Д. Айдар