Бұл – проблемалық нысан. 2021 жылы «Строительная компания «Ер-Канат Сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарына кіріседі. Мектептің іргетасын қалап, қабырғасын тұрғыза бастаған компания шарттық міндеттемелерін орындаудан бас тартады. Сот шешімімен, мердігерлер жосықсыз деп танылып, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы шартты бұзады.
Биыл шілде айында жобаға түзету енгізіліп, жаңа мердігер анықталды. Енді Қобда ауданы Терісаққан ауылындағы мектепті «Стронеф» ЖШС салуды бастайды. Келісімшарт құны – 540,7 млн.теңге. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу рәсімдері жүргізілуде.
Қобда ауданына жұмыс сапары аясында құрылыс барысын бағамдаған өңір басшысы Асхат Шахаров мердігер мекеме өкіліне мектепті мерзімінде тапсыруды, жұмыстарды сапалы орындауды, абаттандырылу мәселесін назардан тыс қалдырмауды тапсырды.
Д. Айдар
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті