«Болашақ» шағын ауданындағы Бөкенбай батыр 133Н үйдің тұрғындары мен үй басқарушы компания арасында коммуналдық қызмет ақысының төленбеуінен туындаған дау салдарынан жылу мен ыстық судан ажыратылған қазандықты жөндеу жұмыстары осы аптада аяқталып, жұма күні қайта іске қосылады.
Бүгін құрылысқа жауапты «GRAND COMPLEX» ЖШС басшылығы осы мәселеге байланысты үй тұрғындарымен кездесуге барған өңір басшысы Асхат Шахаровқа осылай деп уәде берді.
Еске салсақ, жаз айларында бұл үйге қызмет көрсетіп келген құрылыс салушы мен үй басқарушы компания УК «Центр сервис» басшылығы тұрғындар уақытылы коммуналдық төлемдерін төлемей, берешектері 2,6 млн. теңгеге жеткенін айтқан болатын.
Бірақ, тұрғындардың айтар өз уәжі бар. Олардың сөздерінше, басқарушы компания мен үйді салған құрылыс компаниясының тарапынан тиісті техникалық қызмет көрсетудің болмауынан қазандықтар тозған, жөндеуді қажет етеді. Қазір қазандық қала әкімінің өкімімен «Аqtobe su-energy Group» АҚ-ның құрамына берілді. Құрылыс салушы компания қазандықтағы жөндеу жұмыстарын аяқтау сатысында. Осы жұмада «Aqtobe su-energy Group» АҚ іске қосу шараларын жүргізуі тиіс.
«Бұл қазандық құрылыс салушы компанияның иелігінде болды. Қазір «Aqtobe su-energy Group» АҚ меншігіне өтуде. Осы жұмада жылу мен ыстық су беріледі. Бірақ үй тұрғындарының коммуналдық төлемдерден берешегі бар. Қарыздарыңызды төлеп, кондоминиуммен бірге бұл мәселені шешулеріңіз керек», — деді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Д. АЙДАР
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті