Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ҚР Ұлттық ұланына қарасты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6655 әскери бөлімінде болды.
Өңір басшысы мекеменің оқу-материалдық базасын көріп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру туралы тапсырмасының орындалу барысын бағамдады. Ақтөбе гарнизонындағы әскери бөлімдердің командирлерімен кездесті.
Сондай-ақ, Асхат Шахаров 6655 әскери бөлімінде салынып жатқан мәдениет үйінің құрылыс жоспарымен танысты.
Бұрын-соңды бұл жерде мұндай нысан болмаған. 350 орынға шақталған мәдение ғимаратта әскери қызметшілер барлық іс-шараларын өткізеді, жан-жақты дамуға мүмкіндік алады. Мұражайларында құнды жәдігерлерін сақтайды. Жаңа өнер ошағы 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар.
Д. Айдар
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті