✔️ Хромтау ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асхат Шахаров «АқМэз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің май экстракциялық зауытының жұмысымен танысты.
???? Бұл кәсіпорынның алдына өндіріс көлемін ұлғайтып, майды тазарту цехын салу міндеті қойылып отыр. Міндеттің үдесінен шығу өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және тазартылған күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға оң ықпалын тигізеді. Қазіргі уақытта зауытта шикі күнбағыс майы өндіріліп, күнбағыстың қабығынан мал азығы (шрот) дайындалады.
???? Кәсіпорынның шешімін күткен мәселелірінің бірі — былтыр салынған су құбырын іске қосу. Зауыт әзірлеген бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020-2025» бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Алайда, қазіргі уақытта ұңғымадағы су құбыр арқылы берілмей отыр. Мамандар әзірге оның себебін анықтай алмауда. Ал су құбырынсыз май тазарту цехын кеңейтіп, іске қосу мүмкін еместігі айтылды.
???? Облыс әкімі бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік кешенді шаралар қабылдауы керектігін қадап айтты.
???? «Кемшіліктерді анықтап, оларды жою қажет. Өндіріс көлемі арттыруды мақсат етіп отырған кәсіпорынды қолдауымыз керек. Себебі цехтың іске қосылуы, яғни, май өңдеу ісін дамыту ішкі нарыққа да тиімді», — деді Асхат Шахаров.
❗️Сонымен қатар күнбағыс өсіруге субсидия төлеу, минералды тыңайтқыштар алу, күнбағыс аяз басталғаннан кейін жиналатындықтан, жазғы дизельдік отынмен емес, қысқы отынмен қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.
Аймақ басшысы бұл мәселелердің шешілуі өз бақылауында болатынын айтты.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті