«Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» жолын жөндеу үшін ЖСҚ әзірленуде

✔️ Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Хромтау ауданындағы жол құрылысы барысын көрді.

????️ Ақжар ауылына кірер жолда «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Асылбек Рахметұлы өңір басшысына «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолын қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру жұмыстарының барысын баяндап, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық жөнінде айтты.

???? «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» жолының жағдайына қатысты жүргізушілер тарапынан айтылатын шағым көп. Қазіргі уақытта жолды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайтын жол жеті учаскеге бөлінді, соның ішінде ұзындығы 56 шақырым болатын екі учаскеге жөндеу жұмыстары келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр. Реконструкциялау нәтижесінде қазіргі екі жолақты жол төрт жолақтыға дейін кеңейтіледі. Жоба аясында көпірлер, көлік айырықтары, мал айдайтын жолдар мен су өткізгіш құбырлар салу да қарастырылған.

▪️ Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді. Қазіргі уақытта «Абай-Б» ЖШС мердігерлік ұйымының нысандары – «Құдықсай-Қопа» тас жолы, Қызылсу ауылына кіреберіс және Қарғалы ауданы бағытындағы жолдың құрылыс-монтаж жұмыстары бітірілмеген. Аталған серіктестіктің басқа аудандарда да жұмысы аяқталмай жатқан проблемалық нысандары бар. Компания өкілдері материалдардың, соның ішінде асфальт құрылысы материалдарының қымбат екендігін алға тартып, қаржыландыруды арттыру мақсатында жобаларға түзетулер енгізуді сұрап отыр.

▪️ Облыс әкімі кәсіпорын өкілдеріне 2022 жылдан бастап жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген қаржыға материалдарды сатып алып, аталған жобаларды жұмысты аяқтауға уақыты жеткілікті болғанын атап өтті. Асхат Шахаров келісімшарттық міндеттемелерді тиісті деңгейде орындамаған мердігер ұйым жауапкершілікке тартылуы керектігін баса айтты.

???? Сонымен қатар облыс әкімі проблемалық жол құрылысы жобаларының аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қысқы кезеңде жолдарды сапалы күтіп ұстау бойынша бірқатар тапсырма берді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.