⏺️ Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаладағы әлеуметтік қорғау саласына қарасты бірнеше нысандарды аралап, жай-күйімен танысты.
???? Өңір басшысы алдымен Жаңақоныс тұрғын алабында орналасқан «№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ жүйке аурулары бар балаларға арналған интернатына барды. Қазір мұнда құрылыс қарқынды. 70 орындық ғимарат жоспарға сәйкес, желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс.
???? Аутизм диагнозы бар балаларға арналған орталықта да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында халық игілігіне берілетін нысан толықтай жаңартылады. Айтып өтейік, ғимаратқа арнайы құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша «Қазақстан халқына» қоры өз үлестерін қосады..
❗️ Асхат Шахаров мердігер компания өкілдері мен салалық мемлекеттік орган басшыларына қоғам үшін маңызды мекемелердің құрылысын сапалы жасап, нысандарды уақытында тапсыруды жүктеді.
▪️ Сондай-ақ, облыс әкімі «Үміт» сәбилер үйіне,«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған нысандарға барды. Балалардың әлеуметтік жағдайымен танысты.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті