Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Алға ауданының әкімдігіне мектепке қатысты жұмысты мейлінше жуық арада аяқтауды тапсырды.
Бүгін өңір басшысы Алға ауданына жұмыс сапары аясында Үшқұдық ауылындағы Үшқұдық орта мектебінде болды.
1979 жылы салынған мектеп 2021 жылы күрделі жөндеуден өткен. Оқу ордасында 320 оқушы білім алады. Мектепте баланың оқуына және жеке тұлғаның шығармашылық дамуына мүмкіндіктер жасалған. Алайда мектептің спорт залы стандартқа сәйкес келмейді.
Сондай-ақ, жылдан-жылға ауылда тұрғындар саны өсуде. Сәйкесінше, оқушылар қатарының артуы байқалып, орын тапшылығы болуы мүмкін.
«Мектеп ғимаратына жапсарлас құрылыс салу қажеттігі болғанымен, ол — уақытша шешім. Бала саны көбейіп жатыр. Жаңа мектеп салмасақ, үшауысымды оқытуға ауысып кетуіміз мүмкін. Тез арада Білім басқармасымен бірлесе отырып, жоба дайындауды бастаңыздар», — деп облыс басшысы Алға ауданының әкімі Нұрбол Ержановке тапсырма берді.
Сондай-ақ, жаңа мектеп ғимараты Алға ауданының Талдысай ауылына, мектеп құрылысына ЖСҚ дайындау Тікқайың және Еркінкүш ауылдарына қажет. Биыл жыл соңына дейін Маржанбұлақ ауылының шығыс бөлігіндегі 300 орындық мектеп құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті