Ауылда 104 үй, 3 әлеуметтік нысан бар, 556 адам тұрады.
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың жұмыс сапары Мұғалжар ауданында жалғасын тапты.
Мұғалжар ауданына қарасты ауыл тұрғындарының айтуынша, газ тарту жұмыстары былтыр басталып, тоқтап қалған. Өйткені, «Асу-К» мердігер компаниясы келісімшарттағы міндеттемелерін орындамапты.
Екі апта бұрын 266 млн теңгеден астам сомаға жаңа компаниямен келісімшарт жасалып, жұмыстар қайта жанданды. «A.T.E-ЖОЛ» ЖШС директоры Азамат Жәлімбетовтің сөзінше, Жарық ауылына жыл соңына дейін газ тартылады. Құбырлардың диаметрі — 110, 160 см.
Ауылдың сумен қамтылу мәселесі де толықтай шешілген. «Элитстройсервис» ЖШС жұмыстарды аяқтауға жақын. Айтып өту керек, Жарыққа су тарту 2021 жылы қолға алынған еді, алайда мердігер компанияның жосықсыз деп танылуынан жұмыстар жоспар бойынша жүргізілген жоқ.
Биыл Мұғалжар ауданында Жарықтан бөлек, Мұғалжар мен Жаңатұрмыс ауылдарына көгілдір отын, Құмсайға су тартылады. 9 ауылға ауызсудың кешенді блок модулі қондырылды. Осылайша, аудандағы 37 елдімекеннің 24-і газдандырылады. Ал ауызсумен қамтылу 100% көрсеткішке жетеді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті