Мұғалжар ауданы Қандығаш қаласының «Самал» ықшам ауданындағы мектептің іргетасы 2021 жылы қаланды. «ARS building» компаниясы жұмыстарды 40 пайызға ғана орындап, кейін тоқтатқан.
Мердігер компанияның директоры Бақтияр Мырзағалиевтің сөзінше, құрылысқа қажетті тауарлар 780 млн теңгеге қымбаттаған. Жоба 2,7 млрд теңгеге, қайта түзетуге жіберілді. Нысанның жалпы ауданы шамамен 3000 шаршы метрді құрайды.
Құрылыс аумағында облыс әкімімен кездесуге жиналған тұрғындар мектеп жайлы сөз қозғап, құрылыс аяқтауға көмектесуді сұрады.
«Қаламызға көшіп келушілер қатары көбеюде. Газ, су, жарығымыз бар. Енді осы мектеп салынса дейміз. Екі жыл бұрын бой көтеріп жатқанда, қатты қуанған едік. Қуанышымыз су сепкендей басылып қалды. Құрылысшыларлы демеп жіберсеңіздер, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл мектеп үйіміздің қасында, жап-жақын. Балалар үшін уайымдамаймыз», — деді қала тұрғыны Тайыр Нарынбаев.
Өңір басшысы 600 орындық мектептің құрылысы жақын күндері қайта жанданатынын, жаңа оқу жылында оқушылар үшін мектеп есігі ашылатынын алға тартты.
«Жыл соңына дейін біз ғимаратты көтеріп, қазандық саламыз, жылу өткіземіз және әрлеу жұмыстарын бастаймыз», — деп мердігер де көпшілікті сендірді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті