Бүгін Ақтөбеде танымал ақын, жазушы, публицист Мейірхан Ақдәулетұлының «Мен Тәңірдің зор қатесі шығармын…» атты шығармашылық кеші өтеді. Т.Ахтанов атындағы театрда ұйымдастырылатын шараға Светқали Нұржан, Әділғазы Қайырбеков, Бауыржан Бабажанұлы, Дәурен Қуат сияқты зиялы қауым өкілдері, қаламгердің өнердегі достары, жас өнерпаздар және оқырмандары қатысады.
Өңір басшысы мәдени шара алдында Мейірхан Ақдәулетұлын және қонақтарды қабылдады. Өз сөзінде Асхат Шахаров кеш иесінің әдебиет әлеміндегі орнын, ұлтқа сіңірген еңбегін, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін атап өтті. Сый-сияпат көрсетіп, иығына шапан жапты.
Басқосуға қатысқан зиялы қауым өкілдері де Ақтөбе облысында жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, шығармашылық кеш иесі Мейірхан Ақдәулетұлына ақжарма тілектерін жеткізді.
Мейірхан Ақдәулетұлы – белгілі ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Бастау», «Шырақ-ғұмыр», «Жалғыз досым – жүрегім», «Дәруішнама» және «Бейуақтағы мінәжат» атты жыр жинақтарының авторы.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті