Ақтөбедегі кинотеатрлардың бірінде көрсетілген «Бүркіт» көркем фильмін облыс әкімі Асхат Шахаров, құқыққорғау, арнайы әскери орган және департамент басшыларымен қоса, Әуе қорғаныс күштері әскери институты, Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімі және Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінің курсанттары да тамашалады.
«Бүркіт» көркем фильмі шынайы оқиғаға негізделген. «Күрең берет» кию үшін басты кейіпкерлер 3 сарбаз ауыр сынақтардан өтеді, ел тыныштығын сақтау үшін күреседі. Ақтөбелік болашақ ұшқыштар мен жас сарбаздар туындыны ерекше ықыласпен қабылдапты, патриоттық рух көтерілді дейді.
«Мұндай фильмдер Қазақстанда көп түсіріле бермейді. Бұдан да бөлек тағы да Әуе қорғаныс күштері, Теңіз әскери күштері және тағы да басқа әскери бөлімдердің қызметін түсіруге болады. Соны көрген жас ұрпақ, оқушылардың әскерге деген, Отанды қорғауға деген сезімдері артады деп ойлаймын. Ал «Бүркіт» маған ұнады. Керемет әсер қалдырды. Бұл киноны бәрі көруі керек», — дейді Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты Орынбасар Бекетов.
Отандық фильм 2 қарашадан бастап ел кинотеатрларында көрсетілуде. Кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті