Өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті

 

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өңірлік инвестициялық штаб отырысы өткізіліп, оған мемлекеттік, квазимемлекеттік және коммуналдық мекеме басшылары мен өңірдің инвесторлары қатысты.

Отырыс барысында инвестициялық көрсеткіштердің орындалуы және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.

Өңірде макроэкономикалық жағдай тұрақты. Биыл жылдың 10 айында облыс экономикасына 804 миллиард теңге инвестиция құйылып, өсім 8,2 пайызға жетті.

Жыл соңына дейін облысымызға рекордтық 1,1 триллион теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.