Елордалық әртістердің бұл — өңірлерге алғашқы сапары. Ақтөбеден бастау алған гастрольдік іссапарда театр ұжымы бір күнде «Үй таңдаған лақ» ертегісі мен «Өмір-Ғайып» атты драмасын ақтөбелік көрермен назарына ұсынды.
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында сахналанған қойылымдарға жиналған жұртшылықтың қарасы көп болып, аншлагпен өтті.
Өңір басшысы Асхат Шахаров «Өмір-ғайып» спектаклін тамашалады. Қойылым соңында алған әсерімен бөлісті, туынды тақырыбы өзекті екенін айтты.
«Бұл театр өмірге құлшынған, қандай жағдай болса да, өмір сүруге ұмтылған жандардың басын қосқан. Театр ұжымы шектеулі әлемнің шексіз мүмкіндігін көрсетіп жүр. Киелі сахнада өнер көрсету — екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Спектакль өте әсерлі өтті. Қозғаған тақырыбы өзекті. Көрермен қойылымнан өзіне керегін алды деп ойлаймын. Спектакльде айтылғандай, өмір расымен бір рет беріледі, қателік жасауға болмайды. Әрбір жас үлкендердің ақылын тыңдап, тәлім-тәрбиесін алса, болашағы жарқын болары сөзсіз. Театр ұжымына осындай күрделі шығарманы сахналағаны үшін алғыс білдіремін», — деген облыс әкімі театр ұжымын табысты өнер көрсетуімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі, әрқашан қолдау көрсететінін жеткізді.
Мелодрама өмірдің түрлі соқпағында адасқан, кейін қателігі үшін өкінген жас ананың өмірі туралы. Қойылым режиссері — Нурфат Вахитов.
«Қанаттылар» инклюзивті театры — елімізде тұңғыш рет «Жастар театры» жанынан құрылған өнер ұжымы.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті