Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жол-көлік оқиғасында үш адам, оның ішінде екі оқушының қаза табуына байланысты жағдайды жеке бақылауына алды.
Шұғыл түрде жұмыс тобы құрылды, оның мүшелері оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін жіберілді. Зардап шеккендерге қажетті барлық көмек көрсетіледі.
Ақтөбе облысының әкімдігі жол апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Жол-көлік оқиғасы 19 желтоқсан күні таңертең Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының маңайындағы «Самара-Шымкент» автожолында болған.
«Toyota Alphard» автокөлігі мен «Volvo» жүк көлігі соқтығысып қалған. Нәтижесінде «Toyota Alphard» жолаушылары — ер адам және 2007 және 2008 жылдары туған екі оқушы оқиға орнында қаза тапты.
Білім басқармасының мәліметінше, қаза тапқандар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға жіберілген.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол-көлік оқиғасы жағдайлары анықталуда.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті