Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Amanat» партиясының өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Қабылдауға облыстық және қалалық мәслихат төрағалары, депутаттар, қала әкімі А.Бекет, «Астана» және «Алматы» аудандарының әкімдері мен мемлекеттік орган басшылары қатысты.
Кездесуде 13 азаматтың мәселесі қаралды. Ақтөбе қаласы және Хромтау ауданының тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелерін жеткізді. Атап айтқанда, ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерін қолдау, жұмыспен қамту, қоғамдық көлік, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, қала тарихына қатысты зерттеулер жүргізу секілді сұрақтар көтерілді.
Асхат Шахаров барлық өтініштерге толық жауап берді. «Amanat» партиясының қабылдау бөлмесінде көтерілген сұрақтар өңір басшысының жеке бақылауына алынды. Мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айтып өтейік, партия өкілдері қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 3000-ға жуық адам жүгінді. Сонымен қоса, шалғай елді мекендерде 20 рет мобильді қабылдау өткізіліп, оған 217 адам келген.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті