Бұл туралы ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Өңір басшысы жазбасында БАҚ-тың қоғамдағы рөлін атап өтіп, облыста биыл атқарылған ауқымды шаралар мен 2024 жылы жоспарланған жұмыстарды тілге тиек етіпті.
Асхат Шахаров отырыс барысында журналистердің сұрағына жауап берген.
«Бұқаралық ақпарат құралдары — халық пен билік
арасындағы алтын көпір.
Ақтөбедегі республикалық телеарна, баспа басылымдары, ақпараттық сайттардың меншікті тілшілері және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездестім.
«Халықтың көзі, құлағы, hәм тілі» саналатын қаламы қарымды тілшілер облыстағы өзекті мәселелерді үнемі көтеріп, оның шешілуіне зор үлес қосып келеді. Басқосу барысында жылды қорытып, өңірдің даму көрсеткіштерін, бес проблемалық сұрақ, оның ішінде жол, газ бен су, интернет, әлеуметтік нысандардың бой көтеруі секілді мәселелердің шешу жолдарын талқыладық. Кездесуде қатысушылардың сауалдарына жауап бердім.
Ақпарат саласының мамандарымен бүгінгідей еркін форматта әңгіме-дүкен құру арқылы біз әлеуметтің әлеуетін арттыра аламыз», — деді облыс әкімі.
Ол алдағы уақытта БАҚ-пен ашықтық, ақпаратқа қолжетімділік, халыққа мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстарын көрсету, жариялау бағытындағы бірлескен шаралар жалғаса беретінін жазған.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті