Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Нұғманов және Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дания Еспаева, Асқар Садықов, Жұлдыз Сүлейменова, Қазыбек Әлішевпен кездесті.
Аймақ басшысы халық қалаулыларына облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, облыстағы өзекті бес мәселе, оның ішінде автожолдардың жай-күйі, экологиялық жағдай, әлеуметтік сала қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі, инфрақұрылым және интернетпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша қолға алынған шаралар жөнінде де жан-жақты тоқталып өтті.
Тараптар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту, әлеуметтік нысандар салу, құрылысы ұзаққа созылған ғимараттарды пайдалануға беру және т.б бірқатар мәселелерді талқылап, ойларымен бөлісті.
Айта кетейік, депутаттар Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында әлеуметтік нысандарды және өндіріс орындарын аралап, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездеседі.
Д.АЙДАР.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті