Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес, азаматтардың жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Өңір басшысымен бірге, қоғамдық қабылдауға облыстық мәслихат төрағасы Г.Сүйінтаева, депутаттар, басқарма басшылары, қала әкімі Азамат Бекет қатысты.
Асхат Шахаров 25 азаматтың өтініш-тілектерін тыңдады. Облыс тұрғындарының басым бөлігі баспанамен қамтамасыз ету жайын сұрады, сондай-ақ медициналық ем қабылдау үшін квота алу, дәрігерлерге шағым, экологиялық мәселені шешуге қатысты өтініштер айтылды.
Облыс әкімі тұрғындар көтерген сұрақтар бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты. Азаматтардың барлық мәселесі бақылауға алынады және ҚР Заңдарын негізге ала отырып, шешілетін болады.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті