Кәсіпкерлік субъектілеріне

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабына сәйкес Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Каспий Голд арқылы тауарды сатып алу кезінде ақшаны қабылдасаңыз (Каспий Голд нөміріне аудару арқылы), Сіз дереу осы сатып алу үшін бақылау-касса машинасын пайдаланып, сатып алушыға түбіртек беруіңіз керек.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағына сәйкес ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін (QR-код төлемдері) пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.
Сатып алушы тауар немесе қызмет алу үшін Kaspi.kz қосымшасындағы аударым функциясы арқылы Kaspi Gold дебеттік картасына аударым арқылы төлем жасағысы келсе Kaspi.kz қызметі тізіміндегі жеке кәсіпкерлерге ұсынылатын жедел төлем жүйесін (QR төлем коды) пайдалану қажет.