Эпидемиологическая ситуация по заболеваемости корью в Актюбинской области рассмотрена на совещании под председательством главы региона Асхата Шахарова.
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысындағы қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова атап өткендей, облыс тұрғындары арасында қызылшаның алдын алу және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстық штабтың құрамы, қосымша жаппай иммундау жөніндегі кешенді жоспар, халықпен кездесу кестесі бекітілген.
5 қаңтардағы ахуал бойынша облыста зертханалық әдіспен қызылшаның 2,2 мыңнан астам жағдайы расталды. Науқастардың 84%-дан астамы – қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Негізінен бұл ауруға 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар шалдығады.
6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізілуде. 4 қаңтардағы дерекке сәйкес, Ақтөбе облысында қосымша жаппай иммундау аясында 35,6 мыңнан астам адам екпе алды.
Қазіргі эпидемиологиялық ахуал жан-жақты қаралған жиында облыс әкімі қызылшамен сырқаттанушылықты төмендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
«Вакцинация қажеттілігі туралы, әсіресе екпеден бас тартқан адамдармен түсіндіру, профилактикалық жұмыстарды жандандыру қажет», — деп атап өтті облыс басшысы.
Д.АЙДАР.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті