Облыс әкімі Асхат Шахаров қазақ әндерін кәріс тілінде шырқап, желі қолданушыларын тәнті етіп жүрген әнші Сон Вон Сабпен кездесті.
Кездесуде өңір басшысы әншінің қазақ мәдениетін, әндерін Корей елінде ғана емес, бүкіл әлемге танытып, насихаттауға қосқан үлесін атап өтіп, шығармашылық табыстар тіледі.
— Сіз туралы жақсы пікірлер айтылып жүр. Желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп келесіз. Көрсетіп жүрген өнеріңізді біз де жоғары бағалаймыз. Өзіңізге қазақстандықтар дән риза. Әсіресе домбыра тартып, қазақша әндерді шырқағаныңыз – көпке үлгі. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеп, екі елдің арасындағы байланыс нығая түседі деген сенімдемін, — деді Асхат Шахаров.
Басқосуда Сон Вон Саб облыс әкіміне қонақжайлығы және сыйлығы үшін алғысын білдіріп, жақында жарық көрген жеке альбомын тарту етті. Шәмші Қалдаяқтовтың «Сыған серенадасы» әнін де шырқап берді.
Айтып өту керек, Сон Вон Саб «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығының ресми амбассадоры атанды. Оның Ақтөбеге келудегі мақсаты да осы. Әнші Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықты ілгерілету, туризмді дамыту, мәдени байланысты арттыру, қазақша әндерді репертуарына көптеп қосуға ниетті. Ақтөбе туралы бейнебаян түсіру де жоспарында бар.
А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті