Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен күшті жел байқалады.
Қатты боран салдарынан облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеулер қойылды. Қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды.
Мектептер қашықтықтан оқытуға көшті.
Сонымен қатар, кейбір елді мекендерде, соның ішінде Ақтөбеде электр желілерінің үзілді, кейбір аудандарда жарық сөніп, су беруде апаттық жағдайлар орын алуда.
Облыс тұрғындары мен қонақтарынан туындауы мүмкін келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, оның салдарын жою үшін барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеуде.
Егер Сіздерде жарықтың сөніп, судың тоқтауына қатысты мәселелер, басқа сұрақтарыңыз немесе қосымша ақпарат қажет болса, 109 телефоны бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыздар.
Жаңалықтарда тек сенімді және ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер.
Синоптиктердің болжауынша, желді ауа райы 8 және 9 ақпанда да жалғасады. 8 ақпанда күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, боран болады. 9 ақпанда желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кей жерлерде 25 м/с күшейеді.
Қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеміз.
Ғимараттар, құрылыстар, биік бағаналар, ағаштар, билбордтар және электр сымдарынан абай болу керек. Сондай-ақ, елді мекендерден тыс жолға шығудан бас тартуды ұсынамыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық көрсетіңіздер, қауіпсіздікті сақтайық!
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті