Ақтөбе облысында жолда қалған тұрғындарды құтқару жалғасуда

Ақтөбе облысындағы Хромтау ауданында қар құрсауында қалған адамдарды құтқару жалғасып жатыр.

Хромтау ауданы аумағында төтенше жағдай режимі жарияланған соң аудандық төтенше жағдайлар бөлімі апаттық-құтқару жұмыстарына арнайы қар тазалау және жол талғамайтын техникалары арқылы Дөң тау-кен байыту комбинатымен бірлесіп, Хромтау-Қарабұтақ және Хромтау-Ақтөбе бағыттарындағы жолда қалған 292 азаматтарды жылыту пункттеріне жеткізді.

Сондай-ақ, өз еркімен эвакуациялаудан бас тартқан жүргізушілерге 751 азық-түлік дорбасы үлестірілді.

Дереккөз: «el.kz»
Фото: видеодан кадр