Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабылғаны белгілі. Олардың қатарында Ырғыз ауданы аумағымен өтетін Самара-Шымкент тасжолы да бар.
Ырғыз аудандық полиция, төтенше жағдайлар бөлімі және аудан әкімдігі қызметкерлері блок-постта жолаушылармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түнгі мезгілде жолға шыққан жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды сол аумақтағы кемпингтерге орналастырды. Мәселен, 7 ақпаннан бастап Самара-Шымкент тасжолының 1153-шақырымынан Қарабұтақ бағытына қарай шыққан жеңіл автокөліктер мен 6 автобуспен жолға шыққан 333 жолаушыға аудандық полиция мен төтенше жағдайлар бөлімі, Ырғыз ауылдық округі әкімі аппараты, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жастар ресустық орталығы, аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары және аудан тұрғындары, еріктілер ыстық тамақ пен шай беріп, көмек көрсетті. Ал 8 ақпан күні Самара – Шымкент тас жолының 1153-шақырымында автобус жолаушыларын эвакуациялау қажеттілігі туралы хабарлама келіп түсті. Автобустар тұрған жерге төтенше жағдайлар бөлімінен құтқарушылар мен техникалар жіберілді.
Бұдан бөлек, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары мінген бес жолаушы автобусы, 1 минивен, 2 жеңіл автокөлік Ырғыз ауданының орталығына жеткізіліп, «Жігер» спорт залына және орталық мешітке орналастырылды. Жалпы саны 283 жолаушыға қажетті көмек көрсетілді. Оның ішінде 18-і әйел болса, 13-і — бала.
Қазіргі таңда Ырғыз ауылында су басу қаупі бар тұрғын үйлерді ауласын судан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған төтенше жағдай бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардан жалпы саны 17 адам мен екі техника жұмылдырылды.
Д.ҚАЗИХАН.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті