Бүгін Хромтау ауданына жұмыс сапарымен жолға шыққан облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбенің Бекқұл баба тұрғын алабы маңында жиналған көлік жүргізушілерімен кездесті.
Жоспардан тыс кездесуде жеңіл және жүк көліктерінің иелері ауа райы қолайсыздығынан туындаған мәселелерге наразылықтарын білдірді. Олар үш күннен бері облыс орталығынан оңтүстікке қарай шыға алмай отырғандарын жеткізді.
Өңір басшысы мән-жайды толыққанды білетінін, қарлы боранның салдары жеке бақылауында екенін алға тартты.
«Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық құрамымен бірге Хромтау ауданына жолға шықтық. Жолда сіздердің жиналғандарыңызды көріп, бей-жай өтіп кете алмадым. Ауа райының нашарлаған кезде «Самара-Шымкент» республикалық автожолының Хромтау ауданындағы учаскесінде жүк көліктері жиналып қалған. 12 жүргізуші өздерінің жүк көліктерін тастап кеткен. Сондықтан жағдайды жан-жақты саралау үшін Хромтау ауданына барып келемін. Ақтөбеге қайтқанымда сіздермен қайта кездесемін», – деп атап өтті Асхат Шахаров.
Өңір басшысы мәселені шешу кезіндегі жағдайға өздері де куә болуы үшін көлік жүргізушілерінің бірін өзімен бірге ертіп кетті.
Бекқұл баба тұрғын алабы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолда Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және еліміздің азаматтарының көліктері тұр. Олардың кейбірі ауылдағы №76 орта мектепке тегін орналастырылып, тамақпен қамтылса, енді бірі кемпинг, қонақ үйлерде қонып жүр.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті