Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар жолындағы жағдай туралы:

«Қазір автожолдағы қар тазалау жұмыстарына 90 техника, 240 адам жұмылдырылды.

Ауа райы бірқалыпты. Жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар.

Мұндағы проблема – ауа райы нашарлаған кезде екі жерде көліктердің бір-бірін өткізбеуі, содан кептелістің туындауы, қардың жиналуы. Бірі – Жазық станциясы, екіншісі – Құдықсай елдімекенінде.

Жазықта дәл қазіргі сәтте 30 шақты жүк көлігі қалды. Соларға жол ашып берсек, Хромтаудағы көліктер Ақтөбеге қарай жүруге мүмкіндік алады. Мұндағы жұмыстарды аяқтап, Құдықсай ауылына барамыз. Таң атқанша, мәселені шешу үшін бас-қасында боламын».

aqtobe_oblysy_akimdigi