Данияр Бимағамбетов – Ақтаудан Алматыға бет алған көлік жүргізушісі. Жеңіл көлігімен үйіне жетем деп жолға шыққан ол ауа райының қолайсыздығынан үшінші күн Ақтөбеде түнеп жатыр.
Автожолдың ашылмағанына ашулы болған-ды. Бекқұл баба ауылы маңында өзге де көлік жүргізушілері секілді наразылығын білдірген Даниярға облыс әкімі Хромтау ауданына бірге баруға ұсыныс жасады.
Олар ауданның Ақжар ауылы аумағы – «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 852-ші учаскесінде болды. Бүгінгі күні бірнеше жүк көлігі қар құрсауында қалып, екі жолақты жол толықтай бұғатталған. Ал жүргізушілер көліктерін тастап кеткен.
Алматылық көлік жүргізушісі төтенше жағдайлар бойынша жедел штаб ақпаратының растығына көзі жеткенін айтып, наразылық білдірген азаматтарды сабыр сақтауға шақырды.
«Көлік иелерінің салғырттығынан кептеліс орын алыпты. Ақтөбеде үш күннен бері жатырмыз. «Ауа райы тұрақталды, енді жіберіңдер» деп, полицияға, төтенше жағдай өкілдеріне айтқанымыз рас. Бірақ, олардың не үшін жібергенін көріп, көзім жетті. Өзім сияқты жүргізушілерге көрсету үшін бейнжазба жазып, сурет түсіріп алдым. Облыс басшысы бүгін-ертең ахуал тұрақталады деді. Енді күтеміз», – деп Данияр Бимағамбетов ағынан жарылды.
Тағы да
ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙ ЖӘНЕ БАСПАНА
Ғасырлық той және баспана мәселесі
Қаламгерлермен кездесті