Ауа райы қолайсыздығы салдарынан Хромтау ауданы және Ақтөбе қаласы аумағындағы 500-дей жеңіл көлік тұрып қалған.
Бүгін сол жеңіл көлік иелеріне Хромтау – Ақтөбе – Хромтау бағыты бойынша «Самара-Шымкент» автожолына шығуға рұқсат берілді.
«Автожолды қардан тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Әзірге жүк көліктеріне рұқсат берілмейді. Тек жеңіл көліктер жүріп өтеді. Бірінші кезекте Хромтаудан Ақтөбеге, екінші кезекте Ақтөбеден Хромтауға жеңіл көліктерді шығарамыз», – деді Асхат Шахаров.
Бұл автожолда қазіргі уақытта 2700 жүк көлігі тұр.
‼️ Айтып өту керек, республикалық маңызы бар жолдағы қардан тазалау жұмыстары өңір басшысы Асхат Шахаровтың жеке бақылауында болды.
Аqtobe_oblysy_akimdigi
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті