Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында түнгі уақытта 30-ға жуық техника тоқтаусыз жұмыс істеп, жолшылар жол жүріс бөлігі мен жол жиектерін қардан тазартып, тайғаққа қарсы материалдар септі.
Алайда, аталмыш учаскеде ауа райы әлі де тұрақсыз. Сулы қар жауып, көрініс шектелуде. Осыған байланысты ауыр жүк көліктерінің жиналуы байқалады. Арнайы техника қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жол қызметінің кеңесіне құлақ асуларыңызды сұраймыз.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті