Ақтөбе облысындағы М-32 «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолындағы қазіргі ахуал

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралықта «Самара – Шымкент» республикалық маңызы бар автожолында 2500 бірліктен астам жүк көліктерінің жиналуы байқалды.

Жолшылар тарапынан жасалған қарқынды жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта көлік кептелісі азаюда, алайда Ақтөбе облысында ауа райы әлі де тұрақсыз: қар жауып, көру мүмкіндігі шектеулі.

Жолшылар 24\7 тәулік бойы жол жүріс бөлігі мен жол жиектерін қардан тазартып жатыр. Жолды ашып, көктайғақты жою мақсатында арнайы техника жұмылдырылды.

Құрметті жүргізушілер!

Ауа райы тұрақталғанша «Самара-Шымкент» автожолы бағытында алыс сапарға шықпаған жөн. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, кенеттен маневр жасамауды, жылдамдықты арттырмауларыңызды сұраймыз.

Д.АЙДАР.