Мобильді топ Ақтөбе маңындағы көкөніс қоймасына барды. Мұнда тұрақтандыру қорына, қаланың коммуналдық шағын базарларында орналасқан «Табыс-Агро» әлеуметтік павильондарына жеткізілетін көкөністер сақталады. Онда картоп келісіне – 72 тг, қырыққабат – 84 теңгеден және сәбіз – 100 теңгеден сатылады. Азық-түлік өнімдерінен күріштің келісін – 462 және қарақұмықты – 288 теңгеден сатып алуға болады.
«Ақтөбе» ӘКК» АҚ жанындағы Агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің мамандары «Айналым схемасы» бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы ұстап тұруға міндеттеме алған ірі супермаркеттер мен гипермаркеттерді тексерді. Мұндағы мақсат – сөрелерде тауарлардың қолжетімділігін және қажетті өнімдердің құнын бақылау. Мониторинг тұрақтандыру қорында сақталатын тауарларды толықтыру үшін жеңілдетілген қарыз алған сауда нүктелерінде ғана жүргізіледі.
Айта кетейік, жыл басынан бері бағаны тұрақтандыру мақсатында қордан келесідей әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері сатылған: қарақұмық жармасы – 1,3 тонна; қырыққабат — 9,8 тонна; картоп – 35,9 тонна; сәбіз – 4,3 тонна; бірінші сұрыпты ұн – 100,0 тонна, күріш – 2,9 тонна.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті