Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!

 

Ағымдағы жылдың 15-і мен 17-ші ақпанында еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Батыс, солтүстік, орталық және шығыс Қазақстанда түнгі уақыттарда ауа температурасы 12 градустан 38 градусқа дейін төмендейді.

Құрметті жүргізушілер!

Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз.

❗️Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат «Sapar» мобильді қосымшасында қолжетімді, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді.

Д.АЙДАР.