Ақтөбе облысындағы М-32 «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолындағы қазіргі ахуал

М-32 «Самара-Шымкент» автожолын қысқы күтіп-ұстау жұмыстары бір мезет те тоқтаған жоқ, жұмыс түнімен жалғасты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысындағы 965-1240 шақырым аралығында Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін және 526-610 шақырым Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Қобда ауылына дейінгі аралықта 2 учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын.

Дегенмен, жолшылар түні бойы күшейтілген режимде жолды қардан тазалады.

Нәтижесінде, таңғы сағат алтыдан бастап көліктердің қауіпсіз қозғалысы ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Хромтау мен Қарабұтақ арасында 30 жүк көлігі сынып тұр. Сондықтан, қалыпты қозғалыс қарқындылығын қамтамасыз ету қиынға соғуда.

Түннен бері жұмыс жасап жатқан 24 арнайы техника қосымша жалдамалы техникамен толықты, барынша жұмыс қарқыны күшейтілуде.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар күре жолға құм-тұз қоспасын шашып, көктайғаққа қарсы реагенттер себу жұмыстары да жалғасуда.

 qazavtojol