Республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасындағы учаскемен жол жүріп келе жатқан ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жолдағы жағдайға нақты баға беріп, өз пікірлерін білдірді.
Автожолдағы ахуал ауа райының қолайсыздығы салдарынан болғанына көз жеткізгеннен кейін, олар жол қызметкерлерінің таратқан ақпаратының растығын мойындап, әріптестерін сабырлы болуға, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Жолшылардың жедел жұмысының арқасында бір тәулікке жетпес уақыттың ішінде ауыр жүк көліктерінің жиналуы 2 есеге дейін қысқарды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда.
«Ақтөбе қ.- Қарабұтақ к.» бағыты бойынша көлік қозғалысына шектеу жоқ, жол ашық. Алайда, ауа райының қолайсыздығына және көліктердің кептелісіне байланысты қозғалыс ақырын жылдамдықпен жүріп жатыр. Ақтөбе облысында 4-12-ші ақпан аралығында төтенше жағдай кезінде жолдың ашылуын күтіп тұрған ауыр жүк көліктерінің барлығы дерлік проблемалық аймақтардан өтті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 2 учаскесінде жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды: Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейін және Бекқұл баба кентінен Қарабұтақ кентіне дейінгі аралық.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті