Ауа райының қолайсыздығына байланысты (аяз бен боран, көру мүмкіндігінің нашарлығы) облыс аумағында «Самара-Шымкент» автожолының Ақтөбе қаласы Бекқұл баба аулынан Қызылорда облысы шекарасына дейінгі бөлігі дизель отынындағы жүк көліктері үшін жабық.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы қызметкерлері аталған республикалық маңызы бар трассада тәулік бойы қызмет етіп, нашар ауа райы жағдайында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қозғалысты реттеу және көлік кептелістеріне жол бермеу бойынша шаралар атқаруда.
15.02. 19 сағат 00 минуттан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз, жел 10 м/с) республикалық маңызы бар «Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай» тас жолының 89 шақырымынан (Т.Жүргенев ауылы) — 234 шақырымына дейін (Қостанай обл. шекарасы) дизельді жанармаймен жүретін және қоғамдық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы полиция департаменті
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті