«Самара-Шымкент» автожолының учаскелерінде жүк көлігі жүргізушілерінің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы жолшыларға жол ашуға мүмкіндік бермей, қиындық тудырып отыр

Транзиттік жүк көліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін елемеуі, жолдың қарсы бағытына шығып кетуі — арнайы техниканың жұмысына, сондай-ақ басқа да көліктердің өтуіне айтарлықтай кедергі келтіруде.

Мұндай жағдай Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасындағы учаскеде соңғы күндері жиі орын алып, бірнеше күн бойына жалғасуда. Жүргізушілер жол ережелерін елемей, басып озу үшін қарсы жолаққа шығады. Ағымдағы жылдың ақпанында 15-інен 16-сына қараған түні ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.

Салдарынан жүргізушілер ауыр жүк көліктерін 2-3 қатардан жол бойына қалдырып кеткен. Бұл өз кезегінде жолды қардан тазалауда қиындық тудырды және өзге де жол қозғалысына қатысушылар үшін қосымша проблемаларға әкелді, көлік қозғалысын қиындатты.

Бұл мәселені оң шешу үшін жол қызмектерлері белсенді жұмыс істеп жатыр, барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, сіздерден жол ережесін қатаң сақтап, жол қызметкерлерінің нұсқауларына құлақ асуларыңызды сұраймыз.

Себебі, қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру баршамызыға ортақ мүдде.

 qazavtojol