Ақтөбе облысының жол қызметкерлері республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолында Өзбекстанның екі азаматын құтқарды. Кеше кешкі сағат 21:30 шамасында жолшылар төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге автожолды патрульдеу кезінде жол жиегінде тоқтап тұрған ауыр жүк көлігін байқаған. Көлік техникалық ақауға байланысты оталмай қалыпты.
Дер арада жол қызметкерлері қиындыққа тап болған Өзбекстан азаматтарына барлық қажетті көмекті көрсетті.
Айта кетейік, соңғы 2 тәулік бойы облыста -38 градусқа дейін аяз күшейіп тұр.
🚗 Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар 🚗
Сіздерден, өзіңіздің және өзгенің қауіпсіздігі үшін ауа райы тұрақталғанша алыс сапарға шықпауды, жол қозғалысы шектелген учаскеде жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, жол қызмектерлерінің нұсқауларын мұқият орындауларыңызды сұраймыз.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті