Комплаенс-офицерлер біліктілігін шыңдады

Семинар

Ақтөбе қаласында комплаенс-офицерлердің қатысуымен республикалық семинар өтті. Квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін мамандар жемқорлықтың алдын алуда өзіндік үлесін қосып келеді. Бұл жолғы семинар  жаңа мамандық саналатын комплаенс-офицерлердің тағы бір мәрте біліктілігін арттыру үшін ұйымдастырылды.

Семинарға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев, халықаралық комплаенс қауымдастығы мен аймақ бойынша дипломдық бағдарламалардың аккредиттелген жаттықтырушысы Самат Сарбасов және комплаенс-офицерлер қатысты.Іс-шарадамүдделер қақтығысын анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, контрагенттердің сенімділігін тексеру, комплаенс тергеу және «Жеделжелі»жұмысынұйымдастыру секілді маңызды салалар бойынша ақпараттар берілді.

— Семинар комплаенс институтын сәтті енгізген ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.Кезекті іс-шаракомплаенс-офицерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.Комплаенс қызметі — жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Облыста квазимемлекеттік сектордың 290 субъектісі бар. Олардың әрқайсысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жүзеге асырылады. Оның ішінде квазимемлекеттік сектордың 8 ірі ұйымында комплаенс-офицерлердің жекелеген лауазымдары қарастырылған. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы сектордың барлық ұйымдарына жүйелі көмек көрсете отырып, комплаенс-қызметтерге әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастырады, — деді Алмат Мырзалиев.

Комплаенс-офицері бар нысандардың қатарында  «Aqtobe su-energy group», «Ақтөбе Медиа» ЖШС және «Ақтөбе» футбол клубы бар.

Семинар қатысушысы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның комплаенс-офицері Есенжан Кериков сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты —квазимемлекеттік сектордың тиісті субъектілері мен оның қызметкерлерінің ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылатындығын айтып өтті.

Семинарда білікті мамандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмысты жетілдіру шаралары туралы айтты. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын тамыр-таныстық көріністерін нақты деректермен, күнделікті өмір құбылыстарымен әшкерелейтін бейнематериалдар көрсетілді.

Бұл семинар өз нәтижесін беретініне сенімім мол.«Ақтөбе медиа» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі ұжым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актілер бойынша түсіндірме сабақтарын өткізіп тұрады. «Ақтөбе» газетінің сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру бойынша материалдар ұдайы жарияланып отырады, — дейді комплаенс-офицер.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.