Сыбайлас жемқорлық алдын алу

“Ақтөбе Медиа» ЖШС комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау және осы келеңсіз құбылыстың алдын алу мәселелері» атты мекеменің құрылымдық бөлімдер басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Ауырып ем іздегенше, ауыр­мау­дың жолын ізде» демекші, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен пәрменді күресу жолында, сөз жоқ, Серіктестік қызметкерлері арасында ақпараттық-құқықтық түсіндіру, жалпы құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу маңызды рөл атқа­рады.

Мекеменің әрбір қызметкері өзінің құқық­та­рын меңгеріп қана қоймай, өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда нақты не істеу керектігін толық білуі қажет.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дәлелдеу өте қиын, себебі басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы, қылмыстың құпиясын жазасыз ашатын нақты жәбірленуші жоқ.  Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бүкіл жұмыс барысына, мекеменің қызметіне зиянын тигізуі мүмкін.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін қыметкерлердің құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Қызметкерлер мекмеде өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.  Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Сол себепті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа әрбір қызметкер қосылуы керек.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС комплаенс офицері Е.Кериков өз сөзінде біздің қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін кейбір келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр, қоғамның бар-күш жігерін біріктіріп,  осы дерттің одан әрі ұшықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады, сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Серіктестіктің қызметкерлерінің азаматтық борышы  деп білу керек екендігін ескертті.