Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық шара өткізілді

«Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының ұйымдастыруымен Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық шара өткізілді.

Шара шеңберінде мемлекеттік қызметшілер ерекше көмекке мұқтаж жандарға жылы киімдер, аяқ киімдер, көрпелер және басқа да қажетті заттарды жинап, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға одан әрі таратып беру үшін волонтерлік орталыққа тапсырды.

Іс-шараға қала әкімі аппараты, дене шынықтыру және спорт, білім, тілдерді дамыту, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, ветеринария, ауыл шаруашылығы басқармалары, бәсекелестікті қорғау және дамыту, мемлекеттік кірістер, қазынашылық, медициналық және фармацевтикалық бақылау, ұлттық статистика департаменттері, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, көліктік бақылау инспекциясы, ревизиялық комиссияның мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысты.

Шараға қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарға алғыс білдіреміз!

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет

саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Е.Нуримов