Бүгін Департамент басқармасының мамандары Р. Шумекеева, А Есмурзаева және Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильді орталығы өкілдерінің қатысуымен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерімен кездесу өтті.
⚜️Кездесудің мақсаты — белсенді, талантты және болашағын осы саламен ұштастырғысы келетін жастарды мемелекеттік қызметке тарту.
⚜️Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін және оған кіру тәртібін, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектерге (GPA 3.33 төмен емес) аудан және ауылдық округтердегі төменгі лауазымдарға тікелей тағайындалудың тетігі туралы ақпарат берілді.

Тағы да
Ұстаздар күні атап өтілді
Еріктілер кеңесінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шара өткізілді
«Қайырлы таңға» сұхбат берді