Мамыр айының 14-і күні Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ғимаратында өткізілді. Отырыста Мұғалжар ауданы білім бөлімінің басшысы Б.Қ. Аманжолдың Әдеп нормаларын бұзуына қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаудың қорытындылары туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы сөз сөйледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы Әділет департаменті, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары тыңдалды.
Бұдан басқа, 2025 жылдың 1 тоқсаны бойынша тәртіптік тәжірибені талдау қорытындылары, наурыз айы бойыша мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу барысында заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Тағы да
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметі тақырыбында тікелей эфир өткізілді
Темір ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді
Қобда ауданы мәслихатының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді