Ойыл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді

Департаменттің бас маманы А.Нуримов Ойыл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен талаптарын қатаң сақтау және жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі туралы айтылды.
Бұған қоса, қоғам тарапынан сынға жол бермеу, құмар ойындарға тәуелділікті болдырмау, жұмыс уақыты режимін сақтау қажеттігі туралы түсіндірілді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріліп, қызмет барысында туындайтын мәселелерге қатысты шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменттің бас маманы Нуримов Аян

#мемлекеттікқызметтер
#госуслуги
#МҚІА
#АДГС