27 мамыр күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ойыл ауданы бойынша филиалының ғимаратында Департамент қызметшісі мен қоғам белсенділерінің қатысуымен қоғамдық бақылау өткізілді.
Қоғамдық бақылау жүргізу барысында ғимараттардың, қабылдау кабинеттерінің және өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған компьютерлердің жай-күйі мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың, шақырту батырмасының, брайль тақтайшаларының болуына баса назар аударылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы барлық өңірде Агенттіктің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған «Telegram» арналары іске қосылған болатын (https://t.me/+b3bQ0VXeN55mYzIy).
#мемлекеттікқызметтер
#госуслуги
#МҚІА
#АДГС
Тағы да
Мемлекеттік қызметші күні аталып өтті
«Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі» тақырыбы аясында тәлімгерлер кеңесінің салтанатты отырысы өтті
Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті