Темір ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді

Департаменттің бас маманы Ж.Жаманкулов Темір ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі, Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.

Бұған қоса, қоғам тарапынан сынға жол бермеу, құмар ойындарға тәуелділікті болдырмау, жұмыс уақыты режимін сақтау қажеттігі туралы түсіндірілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берілді.

#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА