Департаменттің бас маманы Д.Махамбетов тексеру жүргізу барысында Қобда ауданы мәслихатының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі, Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріліп, қызмет барысында туындайтын мәселелерге қатысты шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берілді.
#мемлекеттікқызмет #госслужба #АДГС #МҚІА

Тағы да
Т.Нугуметов Алға ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді
«Мемлекеттік қызметте кемсітушіліктің алдын алу және қызметтік теңдік қағидатын бұзуға жол бермеу»
Жергілікті мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді