Бүгін Департаменттің бас маманы Мадина Султанова «КАЗХРОМ» ТҰҚ АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жас мамандарымен кездесті.
✅Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резервіне қойылатын талаптар, салалық бағыттары мен кезеңдерін атап өтті.
📍Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 3️⃣5️⃣-тен аспаған, жоғары білімі және 5️⃣ жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Президенттік жастар кадр резерві 6️⃣ бағыт бойынша, атап айтсақ, инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат; цифрландыру; әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам салаларында жүзеге асырылмақ.
✅Айта кетейік, қатысуға өтінімдерді қабылдау осы жылдың 1️⃣-3️⃣0️⃣ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.
Тағы да
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері
Айбек ШІЛМАНОВ: Тәртіп пен талап тең тұрсын!
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы